Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Франция президентінің танымалдық бойынша рейтингі елдегі терактлерден соң еселеп арта түсті

AstanaTV
20.01.2015ж. 10:00
763
Франция президентінің танымалдық бойынша рейтингі елдегі терактлерден соң еселеп арта түсті

Франция президенті Франсуа Олландтың танымалдық бойынша рейтингі елдегі терактлерден соң еселеп арта түсті. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша рейтинг көрсеткіші қазір 40% құрайды. Сарапшылар мұны нағыз рекорд деп бағалап отыр.

Бұдан алдын Франсуа Олландқа тағы бір рекорд тиесілі болатын. Керісінше, өткен күзде ғана Франция президентінің танымалдық көрсеткіші 13%-ға құлдыраған.

Айта кетейік, 2017 жылы Францияда кезекті президент сайлауы өтеді деп жоспарланған. Француздардың көпшілігі Олландтың тағы да ел басқарғанын қаламайды.

Алайда, енді жағдай өзгеретін секілді. Сарапшылардың пайымынша, халық сын сағатта өз лидерінің жанынан табылды. Танымалдықтан елдің үкімет басшысы да құралақан емес. Терактлерден соң премьер-министр Манюэль Вальстің рейтінгі де артып кетті.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА