$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуын тексеруге кірісті

AstanaTV
20.01.2015ж. 13:00
1105
 Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуын тексеруге кірісті

Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуын тексеруге кірісті. Прокуратура жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау бойынша қабылданып отырған шаралардың заңдылығын, толықтығы мен уақытылығын тексереді, делінген таратылған баспасөз парақшасында.

Ең алғашқы болып: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының құқық қорғау және арнайы органдары тексерістен өтпек. Оның қорытындылары заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында талданады.

Еске салайық өткен жылы қабылданған жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер бірінші қаңтардан күшіне енді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ