Еуропалық
одақ Ресейге қарсы санкцияларды өз күшінде қалдырды. Бұл туралы Брюссельде өткен
ЕО елдері сыртқы істер мәселелері жөніндегі кеңесінің қорытындысында белгілі
болды.
Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, одақтың дипломатия бойынша басшысы
Федерика Могерини Еуропалық одақ елдерінің Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға
болатынын, ол үшін Украинамен арадағы шиеленісті жағдайлар реттелуі тиіс екенін
атап өткен.
Алайда, «біз
мұны әзірге байқамадық»,-деп
қосты Могерини. Айта кетейік, Еуропалық одақ Ресейдің бірқатар саясаткерлері
мен бизнес иелеріне, мемлекеттік компаниялар мен экономиканың бірнеше секторына қарсы
санкциялар енгізді.
Ресейдің Қырымды қаратып алуынан кейін орын алған Донбастағы қарулы қақтығыстар бұған тікелей
себеп болды. Осыған жауап ретінде Ресей үкіметі шетелдік тауарлар импортына
шектеу қойды. «The Wall Street Journal» хабарлағандай, Ресейге қарсы
санкцияны алып тастауды Австрия,
Венгрия, Италия, Кипр, Словакия, Франция мен Чехия қолдап отыр.
Базаркүл
ОТЫНШИЕВА