$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қарағанды облыстық ІІД 100 жасқа толған ардагерді туған күнімен құттықтады

AstanaTV
20.01.2015ж. 20:00
1471
Қарағанды облыстық ІІД 100 жасқа толған ардагерді туған күнімен құттықтады

«Жеңіс сарбазы 100 жаста». Бүгін Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті 100 жасқа толған ардагер Сабырғали Құсеновті туған күнімен құттықтады. Ғасыр жасаған ақсақал-артиллерист өзін ұмытпаған ұрпаққа алғысын айтып, батасын берді.

- Сіздей әкенің баласы болғанымызға қуаныштымыз. Сізді ұмытпаймыз. Біздің есіміздесіз. Мынау ішкі істер департаментінің атынан, сізге сағат сыйлады.- Рахмет,балам!

Ғасыр ғұмырын арта қалдырса да, ардагер әлі де қайратты. Қонақтарын тікесінен тік тұрып қарсы алды. Өткен өмірі санасында сайрап тұр. Өзінің айтуынша, 1939 жылы әскер қатарына қосылып, Гродно қаласына жөнелтілген. Сол жақтан соғысқа аттаныпты. Екі рет ауыр жарақаттанған. Жас артиллерист Брянск және Мәскеу түбіндегі шайқастар кезінде 10-шы гвардиялық әскери атқыштар взводының командирі атаныпты. Латвия, Белоруссияны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін Жаркент, Ашхабад қалаларында және Германияда қызмет етті. Ардагер осылайша 7 жыл бойы әскери шепте жүріп, 1-ші дәрежелі «Отан соғысының», үш мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарының иегері. Сондай-ақ, қария 40 жыл бойы Қарағандының өртке қарсы күрес қызметінде еңбек етті. Бүгінде қазыналы қарияның 5 қызы, 11 немересі және 13 шөбересі бар. Әулет мақтанышына айналған атай, ұрпақтарын ең бастысы еңбекқорлыққа баулитынын айтып, ағынан жарылды. 

Сабырғали Құсенов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Жастарға айтарым - еңбек етсін. Еңбектен қорықпау керек. Ендігі жастарға менің жасымды берсін. 

Айжан ҚУАШ