Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

А. Бастыркин Арменияда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сот процесі ашық түрде өтетінін растады

AstanaTV
21.01.2015ж. 10:00
961
А. Бастыркин Арменияда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сот процесі ашық түрде өтетінін растады

Арменияның Гюмри қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сот процесі ашық түрде өтеді. РИА Новости таратқан ақпарға сай, Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастыркин -Армения президенті Серж Саргсянмен болған кездесуден кейін мұны растаған.

Бастыркиннің сөзіне жүгінсек, сот процесінің әділ өтуіне бұл жағдай ықпалын тигізбек. Екі ел арасында толық түсіністік орнап, Ресейдің қауіпсіздік органдары тергеудің әділ өтуіне қол ұшын береді,-деген жоспар бар.

Қазір ауыр қылмысты жасады, деген күдікпен Ресей қарулы күштерінің қатардағы жауынгері Валерий Пермяков қамауда отыр. 13-і қаңтарда ол Гюмри қаласында бір отбасын толық өлтіргенін мойнына алды.

Қайғылы оқиғаға байланысты наразылық күшейіп, полиция қызметкерлерімен қақтығыстар жиілеп кетті. Тұрғындар Ресей жауынгерін жергілікті заң бойынша жауапқа тарту керектігін алға тартуда. Наразылық шерулері барысында 12 адам зардап шекті.

Самат ҚАНАҒАТОВ