Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ресей мен Иран өзара әскери ынтымақтастыққа қол жеткізді

AstanaTV
21.01.2015ж. 10:00
1011
Ресей мен Иран өзара әскери ынтымақтастыққа қол жеткізді

Ресей мен Иран өзара әскери ынтымақтастыққа қол жеткізді деп хабарлайды РИА Новости. Бұл ақпарат Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Ислам Республикасына сапарынан кейін белгілі болды. Келісімге байланысты екі елдің әскери кемелері Ресей және Иран порттарына кіруге рұқсат алмақ.

Сондай-ақ, екі мемлекет арасында делегациялар алмасу, келісімдер жүргізу, әскери дайындық және терроризмге қарсы тәжірибе алмасу амалдары қарастырылған. Ислам Республикасы басшылығымен кездесу барысында екі ел арасында әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Иран әлі де болса Ресейден жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Ислам Республикасының елшісі Мехди Санаидың сөзіне жүгінсек, 2010 жылы жүзеге аспай қалған келісімді қайта пысықтау қарастырылуда. Еске салайық, екі ел арасындағы келісім бойынша Иран-Ресейден С-300 зымырандарын сатып алуды көздеген еді.

Самат ҚАНАҒАТОВ