Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Давоста 45-ші рет өтіп жатқан әлемдік экономикалық форум «Жаңа гео саяси контекст» деп аталды

AstanaTV
21.01.2015ж. 13:00
1394
Давоста 45-ші рет өтіп жатқан әлемдік экономикалық форум «Жаңа гео саяси контекст» деп аталды

 «Жаңа гео саяси контекст». Давоста 45-ші рет өтіп жатқан әлемдік экономикалық форум осылай аталды. Айта кетерлігі, Украина тақырыбы күн тәртібіне енгізілмеген.

Алайда, әрбір қатысушы осы елдегі жағдайдың әлемдегі тұрақсыздыққа тікелей қатысы барын жақсы түсінеді. Мұнан бөлек жүздеген бизнесмендер, саясаткерлер мен мемлекет басшылары мұнай бағасына қатысты мәселені талқылайды.

Осыдан бір жыл бұрын қара алтын құнының осылайша құлдырап кететінін ешкім болжамаған. Еуропа елдерінде экономикалық өсімнің баяулағаны мен  инфляция мәселесі кәрі құрлықтың қарыздан шығуына кедергі болды. Жұмыссыздық мәселесі тағы бар.

Қысқасы, осындай ауқымды жайттарды Швейцарияға жиналған 3 мыңдай адам талқыламақ. Рейтерстің хабарлауынша, форумға қатысуға ниеттілер қатарында Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу, оның қытайлық әріптесі  Ли Кэцян,  Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель бар.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА