$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Мен америкалық көшбасшылықтың кемеңгерлігіне бұрынғыдан бетер сенімдімін

AstanaTV
21.01.2015ж. 13:00
1255
Мен америкалық көшбасшылықтың кемеңгерлігіне бұрынғыдан бетер сенімдімін

«Мен америкалық көшбасшылықтың кемеңгерлігіне бұрынғыдан бетер сенімдімін». Осылай деп АҚШ президенті Барак Обама Конгресске қарата, өзі басқарған  елінің әлемдегі позициясын асқақтатуға тырысты.

Айтуынша, Америка - әскери қуаты мен сындарлы саясатының арқасында кез-келген күшке төтеп бере алады. Мәлімдемесіне қарағанда, Обама «Ислам мемлекеті» радикалды тобымен күресті меңзегендей.

Сондай-ақ, ол өткен жылдың негізгі жетістігі ретінде Ресейге қарсы санкция енгізуді атап өтті. Айта өтейік, құрама штаттар президенті бүгін Франция президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті. Олар Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулерді өз күшінде қалдырған жөн деген келісім байласқан.

Біз күш пен дипломатиялық кемемеңгерлікті әспеттейміз. Ірі державалар шағын мемлекеттерді қыспаққа алмауға тиіс деген позицияны ұстанамыз. Біз Ресей агрессиясын басып, Украина тәуелсіздігі үшін күресудеміз. Бүгінде Америка нық тұрған ел. Осы кезде Ресей оқшауланып, экономикасы шатқаяқтап қалды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА