Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан тенисшісі Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

AstanaTV
21.01.2015ж. 13:00
1200
Қазақстан тенисшісі Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

Қазақстан тенисшісі Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Дәрежелі жарыстың екінші кезеңінде Пуэрто-Рика спортшысы Моника Пюигпен кортқа шыққан отандасымыз екі сетте жеңіске жетті. Шведованың ендігі қарсыласы – Қытай теннисшісі Пэн Шуай.

Футболдан Азия кубогы жолында сынға түсіп, жатқан Жапония құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Ирак және Палестина командаларын ұтқан Хавьер Агирренің шәкірттері бұл жолы Иордания футболшыларын айналып өтті. Бұл ойындағы алғашқы голды Жапония құрамасының сапында Кейсуки Хонда соқты.

Бұл голдан кейін шабыттанған Күн Шығыс елінің футболшылары есепті еселейтін мүмкіндікке ие болды. Бұл сәтте қақпашы шеберлігімен танылды.

Қарымта шабуылға шыққан Иордания командасы есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Бірақ, бұл жолы да қақпашы Кавасима қауіптің бетін қайтарды. Екінші таймды да жоғары жылдамдықпен бастаған Хавьер Агирраның шәкірттері Иордания футболшыларын бас көтертпеді.

Осындай сәттердің бірінде әріптесінің пасына бірінші жеткен Кагава командаластарының қошеметіне бөленді.

Кездесудің соңғы минутында Кейсуки Хонда есепті ұлғайтуға жақын қалды. Бірақ, шабуылшының соққысы қақпа бағанына тиіп кері қайтты.

Бұл жетістігінен кейін 9 ұпай жинаған Жапония құрамасы «Д» тобының көшін бастады.

Самат ҚАНАҒАТОВ