Қызылорда
облысында көлікпен суға батып қаза болғандар мұз үстімен өтуге әрекеттенген.
Мұндай болжамды бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратты.
Қайғылы жайт кеше Арал ауданы Аманөткел елді мекенінде болды. Бес ер адам
бірден Сырдария өзеніне батып кетті. Олар «УАЗ-Фермер» маркілі автокөлікке
мініп, мұз үстімен өзеннің арғы бетіне өтпек болған. Оған қоса, автокөлікке
«Орал» маркалы мотоцикл тиелгені анықталып отыр. Қаза тапқандардың төртеуі Арал
ауданының тұрғындары болса, біреуі - көрші Қазалы ауданы тумасы. Кеше кешкісін
батып кеткен техника мен мәйіттер су астынан шығарылды.
Айгүл
Нұрманова, Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
Осы
хабар келіп түсісімен, суда құтқарушылар осы орынға барып, барлау жұмыстарын
жүргізіп, сүнгуір-құтқару жүмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде
бес адамның мәйіті жағаға алынып шықты. «УАЗ-Фермер» автокөлігін алып шығу
үшін автокран пайдаланылды.
Шарипа САҚТАПОВА