Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еуроодақ Ресейді әріптес ретінде қабылдағысы келеді

AstanaTV
22.01.2015ж. 10:00
816
Еуроодақ Ресейді әріптес ретінде қабылдағысы келеді

Еуроодақ Ресейді әріптес ретінде қабылдағысы келеді. Бірақ, Украинадағы жағдайға байланысты одақ біржақты позиция ұстанып отыр.

Бұл туралы Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле - Делиге келген сапарында айтты деп хабарлайды Рейтерс агенттігі. Ол мұндай пікірді Брюссельде өткен Еуроодақтың Кеңесінен соң айтқан.

Еске салайық, осы жиында Еуроодақ - Ресейге қарсы санкциялардан бас тартпаймыз деп шешкен. Алдын-ала болжам бойынша, көптеген сарапшылар Еуроодақ Ресейге қатысты көзқарасын өзгертеді деп күткен еді. Алайда, болжамдар дәл келмеді.

Дегенмен,  Ресейге қарсы санкцияларды тоқтатуды Австрия, Венгрия, Италия, Кипр, Словакия, Франция және Чехия елдері қолдап отыр.

Вольфганг Шойбле, Германияның Сыртқы Істер Министрі:

Еуроодақтың әр түрлі 25 не 28 өкілі Украинадағы жағдайға бей-жай қарап отырған жоқ. Барлығымыздың позициямыз бір.

Бірақ, біз тағы қайталап айтамыз, Ресейді құлату бізге мақсат емес. Ресейді әріптесіміз ретінде көргіміз келеді. Ендігі шешім Ресей тарапынан.

Т. АМАНАЛИЕВА