Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қанат Мусин Елордада сот орындаушылар жетіспейтінін мәлімдеді

AstanaTV
22.01.2015ж. 10:00
1815
Қанат Мусин Елордада сот орындаушылар жетіспейтінін мәлімдеді

Елордада сот орындаушылар жетіспейді. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы Қанат Мусин мәлімдеді. Айтуынша, өткен жылы бір сот орындаушының мойнына бір айда 227 іс жүктелген.

Салдарынан жұмыстың ауырлығына шыдамаған олар қызметтен өз еріктерімен кеткен. Осыған байланысты ведомство басшысы, мемлекеттік органдардың әкімшілік сот шешімдерін орындау міндетін шағымданушы не жауап беруші тараптарға сот орындаушыға жеткізбей жүктеу қажет екендігін алға тартты.

Сондай-ақ, Қанат Мусин, сот орындаушы қызметіне қабылдау процесін жеңілдетіп, жұмысқа орналасушы азаматтарға міндетті бір жылдық қызмет өтілі ережесін алып тастауды ұсынды. 

Қанат Мусин, Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы:

Биылғы есеп бойынша департамент 190 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл өте көп. Біз мемлекеттік органдардың борышкерлердің алименті бойынша қарызын және әкімшілік айыппұлдарын мемлекеттік реестрға тіркеу арқылы төлетуді ұсынамыз. Біздің ойымызша, бұндай талап мемлекеттік қызмет стандартына енгізілуі тиіс. Және де бұл сот орындаушылар қызметін жеңілдетуге мүмкіншілік туғызады.

Жұрағат БАМАН