Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Берлиндегі кездесу айтарлықтай нәтижелі болды

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
1180
 Берлиндегі кездесу айтарлықтай нәтижелі болды

Астанада «Норманд төрттігі» саммиті «демаркациялық сызық маңынан ауыр қару-жарақтарды алып кету жүзеге асқан жағдайда ғана» өткізілуі ықтимал. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай пікірде.

Бұл жөнінде ол Берлинде жұмысын аяқтаған норманд төрттігі сыртқы істер министрлерінің жиынынан соң мәлімдеді. Ал Германия сыртқы істер ведомствосының басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер кеңес барысында айтарлықтай нәтижелерге қол жетті, -деп есептейді.

Сондай-ақ, ол «төрттіктің» демаркациялық сызық төңірегінде келісімге келгенін, ол маңнан қару-жарақты алып кету жайы пысықталғанын атап өтті. Бұл талап Минск келісімінде де қарастырылған болатын.

Рейтерстің хабарлауынша, «Норманд төртігіне» кіретін елдер Ресей, Украина, Германия және Франция сыртқы істер министрлері сызық маңынан ауыр қару-жарақты тезірек алып кетуге қатысты қолдау білдірген.

Франк Вальтер Штайнмайер, Германия сыртқы істер министрі:

Бүгін көптен күткен түсіністікке қол жеткізілді. Минск келісімінде қаралғандай демаркациялық сызық маңынан ауыр қару жарақты алып кету үдерісі басталуы тиіс. Келесі қадамдар оң нәтиже береріне сенімдіміз.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА