Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар кездесу өткізді

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
655
Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар кездесу өткізді.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сай осы сағатқа дейін ол Руанда Президенті Пол Кагамма және Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті. Тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, бұған дейін жасалған келісімдердің орындалу барысын және бірлескен жобалардың шарттары мен орындалу мерзімін талқылады.

Премьер-министрдің өзге де бірқатар мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және ірі шетелдік компаниялардың басшыларымен жүздесуі жоспарланған.

Айта өтейік, швейцариялық Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жұмысы кеше басталды. Форумға қатысушылар 24 қаңтарға дейін әлемде қалыптасқан экономикалық жағдайды сөз етпек.

Ләззат ҚАЛИАҚПАРОВА