$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Отандық сот жүйесінде коррупцияға қарсы күрес күшейтілмек

AstanaTV
23.01.2015ж. 20:00
986
Отандық сот жүйесінде коррупцияға қарсы күрес күшейтілмек

Отандық сот жүйесінде коррупцияға қарсы күрес күшейтілмек. Бүгін Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегия талқыланды. Қабылданған құжат сот жүйесінің ішкі тәртібін күшейтіп, жемқорлық фактілерін тыюды көздейді.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы соты төрағасы:

Бүгінгі кеңейтілген жиналыс жетекші партияның, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Жоғарғы сот кеңесінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшылығының және Парламент депутаттарының, судьялардың қатысуымен өтіп отыр.

Сот жүйесі жұмысының барынша ашықтығына қол жеткізу үшін, Жоғарғы сот төрағасы жетекші партияның жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламасын негізге алмақ. Енді сот жұмысының сапасы сот қызметіне жүгінген әрбір азаматтың берген бағасынан түзіледі.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы соты төрағасы:

Бүгінгі таңда көптеген елдер, сотқа деген сенім деңгейін анықтау үшін, халықтың аталмыш қызметке көңілінің толу-толмауын зерттеумен айналысады. Мұндай зерттеу тәсілдері мемлекеттік бағдарламалар мен «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы бағдарламасында бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ