$523.86 €544.34 ₽5.11
×

«Самұрық-Қазынаның» негізгі сценарийі: мұнай баррелі - 25 $, валюта бағамы - 400 теңге

AstanaTV
27.01.2016ж. 20:00
1685
«Самұрық-Қазынаның» негізгі сценарийі: мұнай баррелі - 25 $, валюта бағамы - 400 теңге

2016 жылы мұнайдың баррелі 25 шартты бірлік, ал теңгенің АҚШ валютасына қатысты айырбас бағамы 400 теңге болса да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы даму тоқтамайды. Бұл туралы компанияның қаржылық операциялар бойынша атқарушы директоры Елена Бахмутова Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржылық операциялар бойынша басқарушы директоры:

Ұлттық қордағы еншілес компаниялардың дамуына қолайлы сценарий - мұнай баррелі 35$, ал айырбас бағамы 380 теңге. Негізгі сценарий бір баррель мұнай - 25$, бір доллар - 400 теңге. Ең жағымсыз жоспарда мұнай құны 20$, валюта бағамы - 420 теңге.

«Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанның ең ірі басқару холдингі болып есептеледі. Оның активтері 50 миллиард АҚШ ақшасына тең. 2016 жылға арналған республикалық бюджет мұнай бағасы барреліне 40 шартты бірлік деп бекітілді. Үкімет жауапты министрлердің бағаның төмендеу тенденциясына сай сценарий әзірлегенін мәлімдеді. Бағаның төмендеуі мұнай компанияларынан түсетін мемлекеттің салық табысына да кері әсерін тигізген. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметінше, өткен жылы қазынаға 1,6 триллион теңге түсті. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,5 триллионды құраған. Атырау облысының мұнайдан түсетін салығы 2015 жылы екі есеге қысқарды. 2014-те ол 1,77 триллион, өткен жылы 763 миллиард 400 миллион теңге. Батыс Қазақстанның Ұлттық қорға құятын салығы 26 пайызға, ал Оңтүстік Қазақстанның үлесі тіпті 47,4 пайызға кеміген. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ