$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бас прокуратура өткен жылы 700-ден астам экстермистік сайттың жұмысын тоқтатты

AstanaTV
23.01.2015ж. 20:00
1134
Бас прокуратура өткен жылы 700-ден астам экстермистік сайттың жұмысын тоқтатты

Қазақстанның Бас прокуратурасы өткен жылы 700-ден астам экстермистік сайттың жұмысын тоқтатты. Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 100 мыңнан астам интернет-ресурстарға мониторинг жасалды. Нәтижесінде прокурорлардың және уәкілетті органдардың арыздары бойынша соттар 703 интернет-ресурстың өнімін заңсыз деп таныған.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, сот прокурорлардың
198 ақпараттық материалдардың мазмұнын экстремистік деп тану туралы арыздарын қанағаттандырыпты. Бұдан былай бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА