Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Грекиядағы сайлауда «Сириза» солшыл радикалды партиясы жеңіске жетті

AstanaTV
26.01.2015ж. 10:00
997
Грекиядағы сайлауда «Сириза» солшыл радикалды партиясы жеңіске жетті

Грекиядағы сайлауда 36 пайыз дауыспен сенімді жеңіске «Сириза» солшыл радикалды партиясы жетті. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, елдің премьер-министрі Антонис Самарас партия басшысы Алексис Ципрасты сенімді жеңісімен құттықтады.

Ал «Сириза» лидері Грекия үкіметінің халықаралық қаржылық көмек алу тәртібін өзгертуді көздейді. Ол мемлекеттің сыртқы қарызының басым бөлігін жойып, миллиондаған адам зардап шеккен жаппай үнемдеу шараларының жеңілдетілгенін қалайды.

Грек премьері Самарас жаңа үкіметтің елді еуро аймақта сақтап қаларына сенеді. Осы жолда үкімет басшысы отандастарын дефолтқа алып келуі мүмкін қадам - еуродан бас тартпауға үндеді.

Алайда елде билік басына келген «Сириза» партиясы дәл осындай сценарий бойынша еуро аймақтан шығу бастамасын қолдайды деген қауіп күшейді.

Еске салайық, 2008 жылғы дағдарыстан кейін Грекияның ішкі жалпы өнімі күрт төмендеп, халық арасында жұмыссыздық артып, кедейлікте өмір сүретіндер санын көбейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ