Ресейден
экономикалық шектеулер алынып тасталуы мүмкін. Бұл жөнінде
Commerzbank-тың бас стратегі Саймон Кихано-Эвансқа сілтеме жасап, Bloomberg
хабарлайды. Эванстың айтуынша, бұл күн
таяу. Өйткені Ресми Мәскеу араласпайынша, Сириядағы қанды қақтығыс тыйылмайды. Сарапшы "соңғы уақытта алып
мемлекеттер геосаяси жағдайды бейбіт түрде шешіп, тығырықтан шығар жол
іздегенге ұқсайды" деп отыр.
Айта өтейік, жылымық жайында әңгімелер АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің мәлімдемесінен кейін тарай бастады. Ол
Давоста жасаған баяндамасында Минск келісімдерін орындауға мүмкіндік барын
айтқан. Сәйкесінше санкциялар алынады деп жоспарланған. Кейін дәл осындай ойларын Германия
қаржы министрі Вольфганг Шойбле мен Франция экономика министрі Эммануэль Макрон да айтып қалды. Еске
салайық, Сирия бойынша бейбіт келісім 29 қаңтарға белгіленген.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА