Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-тағы 7 бірдей штатты есеңгіреткен, «Жуно» дауылы бизнеске 200 миллион доллар шығын әкелді

AstanaTV
28.01.2015ж. 10:00
1196
АҚШ-тағы 7 бірдей штатты есеңгіреткен, «Жуно» дауылы бизнеске 200 миллион доллар шығын әкелді

Associated Press-тің хабарлауынша, АҚШ-тағы 7 бірдей штатты есеңгіреткен, «Жуно» дауылы бизнеске 200 миллион доллар шығын әкелді. Қалың қардан қоғамдық көлік қозғалысы түбегейлі тоқтады.

Нью-Йорк халқы дүкен, мейрамхана, кинотеатрлар мен мұражайларға барудан бас тартқан. Осының салдарынан кәсіпкерлер пайдадан қағылғанын айтып отыр. Қатты желге үскірік қар араласып, елді әбігерген салған күн райынан тіпті, пойыздар да қозғалыссыз қалып, көпірлер мен метро, жер асты жолдары да жабылған.

Ал, теңіз жағалауындағы дауыл күші сағатына 100 шақырымды көрсеткен. Қатты болғаны соншалық, қарлы боран «Жуноны» мамандар «тарихта болмаған ең сұрапылы» деп отыр. Табиғаттың тосын мінезіне тап болған аудандар электр қуатынан бірте-бірте ажырады.

Ал, апатты жағдай адым аштырар емес. Жолдардың бәрін көлік кептелісі мен құлаған шатырлар жауып қалған. Ал, жойқын «Жуноның» жолында тағы да 40 миллион америкалық бар. Бұл дегеніңіз - бірнеше мың адам тоқ көзінен ажыратылады деген сөз.

Ал, солтүстік-шығыс штат тұрғындары дүкен сөрелерінен азық-түліктен бастап, қолшамдарға дейін талап алып кеткен. Сондай-ақ, жанар-жағармай бекеттерінде сұйық отын жетіспей, халық ұзын-сонар кезекте тұр.

Ал, қалалар мен елді-мекендер арасы сәрсенбіге дейін байланыссыз болады деп күтілуде. Өйткені, барлық оқу орындары мен балабақшалар, дүкендер жабық. Және мыңдаған әуе рейстері де тоқтатылған.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ