$488.26 €530.54 ₽5.03
×

АҚШ-та бораннан келген шығын 200 миллион долларға жетті

AstanaTV
28.01.2015ж. 13:00
868
  АҚШ-та бораннан келген шығын 200 миллион долларға жетті

Американы құрсауында ұстаған ақ түтек боран бизнес иелеріне 200 миллион доллар шығын әкелді. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, шығынның басым бөлігі көлік жүйесі мен сауда-саттық саласына келген.

Такси жүргізушілері мен мейрамханалар да зардап шекті. Қалың қардан тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалды. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен театр, мұражайларға барушылар азайған.

«Planalytics» фирмасының президенті Эван Голдтың пікірінше, солтүстік-шығыс өңірлердегі штаттарға 500 миллион доллар шығын келген. Оның ойынша, бұл көп емес. Өткен жылғы қарлы боран келтірген шығын 50 миллиард доллар болатын.

Айта кетейік, АҚШ-тың шығыс жағалауларына қатты боран соғып, жергілікті билік ұшақтарды тоқтатып, жолдар мен көпірлерді жабуға мәжбүр болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ