$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінген 25 адамға медициналық көмек көрсетілді

AstanaTV
28.01.2015ж. 13:00
1009
Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінген 25 адамға медициналық көмек көрсетілді

Қыс қаһарына мініп, аяз күшейгелі бері Оралда аяқ-қолын үсітіп, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейді. Бүгінде 25 адамға медициналық көмек көрсетілген. Үсік шалғандардың 12-сі ауруханаға жатқызылды. Өзгелеріне тиісті ем-дом жасалып, үйлеріне қайтарылған.

Ал 7 адамның аяқ-қолын кесуге тура келді. Дәрігерлердің сөзінше, олардың дені - ішімдік ішкендер. Белгілі тұрағы жоқ қаңғыбастар көше кезіп, қоқыс ақтарып жүріп, денесі домбығып кеткенін сезбей қалады.

Дәрігерлер суықта спиртті ішімдік ішу керек деген кеңесті теріске шығарады. Өйткені, мас адам тоңғанын байқамайды. Сондықтан, бірінші кезекте жылы жерді паналау керек. Ал ауа райын болжаушылар сақылдаған сары аяздың қарқыны ақпан айының басында бәсеңдейтінін айтады.

Жұмабек Шайхиев, БҚО клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

7-8 науқасқа үсіп кеткен жерлеріне ота жасалды. Бәріне көмек көрсетіліп, қазіргі таңда олар адаптационный центр, сестринский уход деген жерлерге жеткізілді. Қазір біздің бөлімде 4 науқас жатыр, оларға көмек көрсетіліп жатыр. Керек дәрі-дәрмек бәрі бізде жеткілікті.

Ерлан КАРИН


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах