2014 жылы
бірқатар тауар мен қызмет түрлерінің құны артқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бағасы 13,3%-ға қымбаттады. «Егін шаруашылығы өнімдері 20, ал мал шаруашылығы
өнімдерінің құны екі жарым пайызға артты», - деп хабарлайды Статистика агенттігі.
Жалпы өткен желтоқсанда азық-түлік бағасының 2013 жылмен салыстырғанда 8
пайызға өскені байқалады. Өткен жылы бидай бағасы 25, күріш - 20, пияз - 40,
картоп - 22, қырыққабат - 21, сәбіз 16 пайызға қымбаттаған. Ал бұршақ, қант
қызылшасы және қарақұмық бағасы керісінше төмендеген.
Ақылы қызметтер де
қымбаттады. Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орталықтарында баға 1,5 пайызға
артса, мейрамханалар мен қонақ үйлердегі қызмет 0,9 пайызға қымбаттады.
Сонымен қатар демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтердің құны
да 0,5 пайызға өсті.
Айгүл ӘДЕПБАЙ