Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Есеп комитеті өткен жылы 716 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылықты анықтаған

AstanaTV
28.01.2015ж. 20:00
1053
Есеп комитеті өткен жылы 716 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылықты анықтаған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті өткен жылы 716 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық орын алғанын анықтаған. Қазынаға 75 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Мұндай мәліметті бүгін Елбасы алдында есеп берген ведомство басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин алға тартты.

Есеп комитетінің төрағасы Президентке 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады. Төрағаның айтуынша, комитет былтыр 298 нысанда 3,1 триллион теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтитын 25 бақылау іс-шарасын жүргізді. Тексерулер мен бақылау-талдау шаралары нәтижесінде Үкіметке, мемлекеттік органдарға және квази-мемлекеттік сектор нысандарына ұсыныстар мен тапсырмалар жолданды.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы:

Енді 2015 жылда Есеп комитетінің негізгі міндеті - Елбасының жолдауында қойылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау, дағдарысқа қарсы шараларды мүлтіксіз іске асыру және Ұлттық қордың пайдаланылуын қатаң бақылауда ұстау.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА