Қазақстан аспан асты елімен бірлесіп, 20 инвестициялық жобаны қолға
алмақ. Бұл жөнінде Астанада жұмысын бастаған инвестициялық форумда
айтылды. Қазақстан-Қытай отырысы Инвестициялар және даму министрлiгi мен «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттiгiнің
ұйымдастыруымен өткізілуде.
Жиынға iскерлiк топтардың 300-ге жуық өкiлi қатысып
жатыр. Қытай мен Қазақстанның бірнеше ұлттық компанияларының басшылары да
келді. Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев пен Қытай Даму және
реформалар комитетi төрағасының орынбасары Baн Сяотао бастаған тараптар
Қазақстанда өндiрушi салада жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн талқылауда.
Жиын барысында жүзден аса жоба қаралады. Қазақстан тарапы дайын тауар шығаруға
басымдық беріп отыр. Жобалар бойынша алғашқы келісімдер наурызда жасалмақ.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ