Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

1 қаңтардан бастап ірі кәсіпорындарға салық жеңілдіктері қарастырылған

AstanaTV
29.01.2015ж. 13:00
1045
1 қаңтардан бастап ірі кәсіпорындарға салық жеңілдіктері қарастырылған

Жыл басынан бері ірі кәсіпорындар үшін салық төлеу мерзіміне жеңілдіктер қарастырылған. Кеден одағынан тыс елдерден әкелінген тауарлар үшін қосымша құн салығын бірден төлемеуге де болады. Міндетті төлемді тауар шекараға енген сәттен бастап, келесі айдың 20-сына дейін төлесе болғаны.

Мәселен, Ақтөбеде аталған салық жеңілдіктері тізіміне 15 кәсіпорын енген. Олардың айналымдағы қаражаты 300 айлық есепті көрсеткіштен жоғары. Негізінен аймақтағы кен орындарында, сауда және өндірісте жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Қытай, Түркия мен Германия сияқты елдерден тауар жеткізеді. Әзірге жеңілдікті ешқандай кәсіпорын пайдаланбаған. Жергілікті кәсіпкерлер шетелден келетін тауарларына қосымша құн салығын кедендік рәсімдеу кезінде төлеуді әдетке айналдырған.

Әйгерім Таналиева, Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің бас маманы:  

Мұндай жеңілдіктер Кедендік одақ елдері Армения, Белоруссия, Ресейден келген тауарларға қарастырылмаған. Бұл өзгертулер 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Мансұр ЕСХОЖИН