Еліміздегі 11 әуежай ҚТЖ-ның еншілесі - AMG
компаниясының қарамағына өтпек. Бұл туралы осы «Airport Management Group»
компаниясының Бас директоры Клод Бадан мәлімдеді. Яғни,отандық әуежайлар
халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі. Қауіпсіздік жүйелері күшейтіліп,
халыққа қызмет көрсету сапасы анағұрлым артпақ.
Клод Бадан, «Airport managment group» компаниясының бас директоры:
2014 жылдан бастап біздің компанияға Астана, Көкшетау, Петропавл,
Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайлары 7 жылдық мерзімге сенімді басқаруға
берілді. Қосымша Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен және Семей әуежайларының
активтерін сенімді басқаруға алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, компания бас директоры EXPO-2017 халықаралық көрмесі
қарсаңында Астана әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін айтты. Ол,
әуежайда бұл жұмыстар басталып кеткеніне тоқталды. Мәселен, жолаушылар
терминалының алдында алғашқы бақылау линиясы орнатылған.
Сондай-ақ, үстіміздегі
жылдың мамырынан бастап қауіпсіздікке жауапты әуежай қызметкерлері арнайы
дайындықтан өтеді. Тілшілер сұрағына жауап берген Клод Бадан Астана
әуежайындағы дәмханаларда баға қолжетімді болатындығына да тоқталды.
Осы
мақсатта арнайы жұмыстар басталып кеткен көрінеді. Айта өтейік, "Airport
Management Group” «Қазақстан Темір жолы»
Ұлттық компаниясы» аясында мемлекеттік әуежайлар желісін басқару үшін құрылған
холдинг.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА