Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мониторинг комитетінің
басшысы Стефан Шеннах - Ресей делегациясын Ассамблеяға қайтару үшін қолынан
келгеннің бәрін жасамақ, -деп жазады «Коммерсантъ».
Ол:«28-қаңтардағы шешімге Мәскеу асығыс жауап қайтармайды»,- деп үміттенеді. Сәрсенбіде Ассамблея Мәскеуді дауыс беру құқынан сәуірге дейін айырған. Оған
жауап ретінде ресейлік делегация өкілдері жыл соңына дейін Ресейдің сессияларға
қатыспайтынын мәлімдеді.
Еуропа кеңесі - егер Мәскеу қақтығыстарды тоқтатса,
Ресеймен келісімге келуге дайын. Қырымға қатысты позициясының кесірінен, Ресей
делегациясы Еуропа Кеңесі ассамблеясындағы көптеген өкілеттік құқықтарынан
айырылған еді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ