$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Қостанайда «Шығармашылық ауыр дертті де жеңеді!» атты көрме ашылды

AstanaTV
30.01.2015ж. 13:00
1206
Қостанайда «Шығармашылық ауыр дертті де жеңеді!» атты көрме ашылды

«Шығармашылық - ауыр дертті де жеңеді» Тобыл өңірінде осындай атаумен ерекше көрме ашылды. Игі шара, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде жүзеге асып отыр.

Тұңғыш рет өткізілген көрмеге облыстың әр аймағынан елуге жуық қолөнер шеберлері қатысты. Олар жасаған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге келушілер қамкөңіл жандардың туындыларына қызығушылық танытып, қалаған заттарын сатып алды.

Аймақта алғаш рет өткізілген шара әлі де жалғасатын болады. Көрме арқылы көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар қолынан іс келетінін көрсетті, - дейді ұйымдастырушылар.

Әлия Сапарова, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облысы филиалының төрағасының орынбасары:

Міндетті түрде бұл іс-шара керек деп ойлаймыз. Өйткені, осы жандардың ішінде де өздерінің қолдарынан өнері тамған кісілер өте көп. Өздеріңіз соны көріп, куә болып отырсыздар. Сондықтан олардың қолынан шыққан бұйымдарды осы жәрмеңкеде барлық жұртшылыққа паш ету үшін осы жәрмеңкені ұйымдастырып отырмыз.

Дәркей Мұқамедхан, көрмеге қатысушы:

Қала орталығына келіп, осындай көрме ұйымдастырып отырған «Нұр Отан» партиясына көп рахметімді айтқым келеді. Және де осы көрме арқылы жасаған бұйымдарымызды Қостанай халқына танымал етіп жатырмыз.

Заңғар САНАЙ