Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерттелмек

AstanaTV
30.01.2015ж. 20:00
1650
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерттелмек

Шенеуніктердің кәсіби және жеке қасиеттерін анықтау үшін ғылыми зерттеулер өткізіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет саласындағы Басқарушы Өңірлік хабтың басшысы Әлихан Бәйменов өзара бірлескен шаралар жоспарына қол қойды.

Аталған құжат мемлекеттік қызмет саласын жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Мамыр айына жоспарланған VIII Астана экономикалық форумының аясында агенттіктің ықпалдасуымен мемлекеттік қызметте персоналды басқару мәселесіне арналған Жаһандық мәслихат өтеді.

"Бұл өз кезегінде, халықаралық сарапшылардың ықпалдастық аймағындағы қызметін жетілдіреді. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған модельді дамытудағы тәжірибемен бөлісуге жол ашады", - деді Қайрат Қожамжаров.

Жұрағат БАМАН