$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Батыс Қазақстанда шаруалардың 40 пайызы қарызын қайтара алмай отыр

AstanaTV
28.01.2016ж. 20:00
1636
Батыс Қазақстанда шаруалардың 40 пайызы қарызын қайтара алмай отыр

Батыс Қазақстанда шаруалардың тең жартысына жуығы мемлекеттен алған қарызын қайтара алмай отыр. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының дерегінше, көпшілігі кәсібін жүргізе алмай, қиын жағдайға тап болған.

2011 жылы жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша шаруаларға 4 пайыздық өсіммен 3 млрд 172 миллион теңге несие берілген. Бұл ақшаның 80 пайызы мал шаруашылығына жұмсалды, дейді корпорацияның басқарма төрағасы. Қарызға белшеден батқан шаруалардың 40 пайызы ауа райының қолайсыздығы салдарынан мал басы азайғанын айтып, алақан жайып отыр. Бүгінде екі шаруа қожалығы ғана несиесін төлеп бітірген. Корпорация өкілдері «борышкер шаруалардың ісі сотқа жіберілгенін» айтты. 

Ержан Балтаев, «Орал» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Қазіргі таңда 300 шағым сотқа түсті, соны 200-іне қатысты сот шешімі қабылданып, сот орындаушыларына тапсырылды. Сот орындаушылары олардың мүліктерін тәркілеу бойынша, я болмаса борышкерлердің шетелге шығу мүмкіндіктері бойынша өз тараптарынан жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда біздің берешектің жалпы сомасы 740 млн теңге шамасында. 

Еркін КАРИН