$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Бергей Рысқалиевтың қылмыстық тобына қатысты істі қарау қайта жалғасты

AstanaTV
02.02.2015ж. 13:00
1181
  Бергей Рысқалиевтың қылмыстық тобына қатысты істі қарау қайта жалғасты

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығына қатысты істі қарау қайта жалғасты. Атышулы қылмыстық іс аппеляциялық сотта қаралып жатыр. Бұл іске осыған дейін шыққан сот үкіміне келіспеген адвокаттар мен прокуратураның шағымы негіз болды.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Аппеляциялық шағым бергендердің ішінде Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов те бар. Ол өзіне тағылған айыптың бірнешеуінен ақталып, 3 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Енді ол толықтай ақталудан үмітті. Сондай-ақ Бергей Рысқалиевтың қос орынбасары да жазаны жеңілдетуді сұрап отыр.

Айта кетейік, сот үкімі өткен жылдың 14 қарашасында оқылған еді. Айыпталған 22 адамның он бесіне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ең ауыр жаза бұрынғы әкімнің қос орынбасарына кесілді: Болат Дәукенов 15, ал Асқар Әбдіров 12 жылға сотталды.

Облыс тарихындағы ең даулы, әрі ауқымды істі тергеу 3 айға, ал сотта қарау 11 айға созылған болатын.

Баразкүл НӘДІРҚЫЗЫ