Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Батыс Қазақстан облысында халықаралық газ құбыры жарылысынан мыңнан астам үй газсыз қалды

AstanaTV
02.02.2015ж. 13:00
1170
Батыс Қазақстан облысында халықаралық газ құбыры жарылысынан мыңнан астам үй газсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай. Облыс аумағын кесіп өтетін «Орынбор-Новопсков» халықаралық газ құбыры жарылып, екі бірдей ауданның тұрғындары газсыз қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, «Орал-Орталық Азия»  мекемесіне тиесілі газ құбыры елді-мекеннен шалғайда болғандықтан, өрт сөндіру техникасы дер кезінде жетіп үлгермеген.

Қазір магистралді газ құбыры екі жақтан бітеліп, өрттің таралу қаупі сейілді. Төтенше жағдай салдарынан Зеленов және Тасқала аудандарында мыңнан астам шаңырақ газсыз қалды. 30-дан астам әлеуметтік мекемелер де көгілдір отыннан қол үзген.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілдері төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылғанын, жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Орал қаласы қосымша желіге қосылған. Қазір мұнда жағдай қалыпты. Енді осы желіге Тасқала ауданын да қосу көзделуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылды.

Марс Отаров, БҚО ТЖД бөлім басшысы:

Тұрғындарға айтарымыз, бұл - яғни, техногендік сипатта орын алып отырған оқиға. Газ жақын-жуықта қосылуы керек. Сол қосылғанға дейін үйлерінде болып, газдың иісін байқаған болсаңыздар, үйдің ішін желдетіп, қауіпсіздік шараларын алдын алғанын ұсынамыз.

Еркін КАРИН