Грекия несие беруші
үштіктің қосымша қаражатына мұқтаж емес. Бұл туралы елдің қаржы министрі Яннис
Варуфакис мәлімдеді. Министрдің сөзінше, Афина Еуропалық комиссия, Еуропалық
орталық банк және Халықаралық валюта қоры өкілдерімен «үштік» форматында
кездескісі жоқ деп хабарлайды Рейтерс.
Грекия бас қаржыгері тікелей, еуро
аймаққа кіретін мемлекеттердің президенттерімен келіссөздер жүргізгісі келеді.
Оның басты мақсаты - елдің сыртқы қарызының басым бөлігін өшірту. Мәселе
әсіресе, Германия мен Францияға қатысты.
Елдегі реформалар бағдарламасы аяқсыз
қалғандықтан, үштіктен Грекия 7,2 миллиард еуроны ақыры ала алмады. Бұған
дейін, Варуфакис бұл транш елдің сыртқы қарызы мәселесін шешпейді деген-ді.
Варуфакис, жаңа үкіметтің мақсаты - Еуропамен жаңа келісім жасасу дейді.
Яннис Варуфакис, Грекияның қаржы министрі:
Қарыз елдің Жалпы ішкі
өнімі өскен кезде қайтарылуы тиіс. Мақсатымыз тек Грекияны емес, күллі Еуропаны
өзгерту. Қомақты несиені қарызынан құтыла алмаған мемлекет алды. Бұл біздің
серіктестеріміз үшін маңызды болып отыр. Біз қарызды толық, әрі пайызымен
қайтару үшін, жалпы соманың шегерілгенін қалаймыз.
Ал, Еурокомиссия басшысы
Жан-Клод Юнкер, Грекияға халықаралық несие беруші «үштікті» таратуы мүмкін. Бұл
туралы Handelsblatt басылымы үкіметтік ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып
жазды.
Юнкер, Грекия үкіметі қарсы шығып отырған «үштікке» шұғыл түрде балама
таппақ. Афинаны қиын жағдайда қалдыратын инспекция мен үштіктің таратылуын
Германия үкіметі де қолдайды.
Алайда Еуропалық Одақ мұндай қадамға Грекия
үкіметі өзінің бұрын ұстанған реформалар бағытын жалғастырған күнде ғана барады
деп жазады басылым. «Үштіктің» таратылуы осы аптада, елдің премьер министрі
Алексис Ципрастың Брюсселге сапары кезінде талқылануы мүмкін деген ақпар бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ