Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарлық тұтынушылардың жылу мен жарыққа қарызы 2 миллиард теңгеге жуықтаған

AstanaTV
02.02.2015ж. 13:00
1295
 Павлодарлық тұтынушылардың жылу мен жарыққа қарызы 2 миллиард теңгеге жуықтаған

Павлодарда тұтынушылардың жылу мен жарық үшін қарызы 2 млрд теңгеге жуықтады. Осыған орай «Павлодарэнергосбыт» серіктестігі борышкерлер үшін талаптарды қатаңдатуға көшті. Мекеменің баспасөз хатшысының айтуынша, коммуналдық қызметке ақыны уақтылы төлемегендерге өсімақы тағайындалады.

Мұнан бөлек сот шығындары мен энергия беруді тоқтатуға кеткен шығындар тұтынушыдан өндіріледі. Өткен жылы кәсіпорын тұтынушылардың 196 млн теңгеге жуық берешегін сот арқылы өндіріп алған.

Ал, заңды тұлғалардан, 216 млн-дай қаржы қайтарылды. Әлі 850 млн теңгедей берешекті өндіріп алу туралы 8 мыңға жуық талап-арыз сотта жатыр. Борышкерлердің сот шешіміне сай шет мемлекетке шығуы шектеліп, көліктері тоқтатылуда. Мұндай темір тұлпарлардың тәркіленіп, сатылымға қойылған жағдайлары да көп.

Асқар Шөмшеков, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС баспасөз хатшысы:

Ерте ме, кеш пе тұтынылған энергия үшін төлеуге тура келеді. Ал егер, жағдайды ушықтырса, онда төлемеушілерге өсімақыны, сот шығындарын, орындаушылық іс-әрекеттерді асыруға, сондай-ақ, энергияны беруді тоқтату бойынша жұмыстарға кеткен шығындарды төлеу қажет болады.

Коммуналдық төлемақыларды төлеуге келгенде енжарлыққа салынатынын тұрғындар да жасырмайды. Бұл әрекеттерін көбі уақыттың жоқтығымен, ұмытып кетуімен түсіндіреді.

Светтің төлемін ай сайын төлеп тұрамын. Төлемеген күнде кесіп тастаған, ондай болған жоқ.

Бывало! -Ну как выходили из ситуации? Ну как, оплатили поехали и плюс за то, что они отключили за несвоевременное, забыла, там штраф берут.


Әсем МҰХИТОВА