Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Импорты уақытша шектелетін ресейлік тауарлар тізімі келесі аптада белгілі болуы мүмкін

AstanaTV
03.02.2015ж. 20:00
916
Импорты уақытша шектелетін ресейлік тауарлар тізімі келесі аптада белгілі болуы мүмкін

Ресейлік кей тауар түрлерінің импортына уақытша кедендік шектеулер енгізу туралы Қазақстан-Ресей үкіметтерінің арасындағы келіссөздер қорытындысы келесі аптада белгілі болмақ. Бұл туралы біздің арнамызға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, қос үкіметтің арнайы комиссиясы қазір қандай тауар түрлерін шектеуге болатыны жайында кеңесуде.

Рахым Ошақбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Екі жақты кеңес басталды, ақпанның 6-сы Қазақстан-Ресей үкіметаралық кездесуі болады. Бұл мәселені Қазақстан бірінші кезекте көтереді. Қазір екі жақты салааралық форматта келіссөздер жүруде. Кедендік одаққа шығын келтірмей, отандық өндірушілерді қорғаудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Келесі аптада бәрі анықталады деп сенеміз.

Еске салсақ, өткен аптада еліміздің бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев ресейлік автокөлік, автоаксессуарлар, құс еті және кейбір құрылыс заттары бойынша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген-ді. Ал бүгін белгілі болғандай, отандық кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арқылы 30 жетекші компанияға екінші деңгейлі банктер арқылы несие түрінде қаржылай көмек көрсетілмек.

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

«Бәйтерек» компаниясының корпоративтік бағдарламасын бекіттік және жарияладық. Бұл бағдарлама арқылы біз өзіміздің өндіріс секторында 30 шақты лидер компанияны тағайындайтын боламыз. Мақсатымыз - сондай көшбасшыларды таңдап, соларға қолдау көрсету арқылы оларды экспорттық нарықтарға шығару.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 








 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық