Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Иордания халқы «Ислам мемлекеті» радикалды тобымен келіссөз жүргізе алмаған билікке қарсы көтерілді

AstanaTV
04.02.2015ж. 13:00
1971
Иордания халқы «Ислам мемлекеті» радикалды тобымен келіссөз жүргізе алмаған билікке қарсы көтерілді

Иорданияда жаппай бейберекетсіздік. Халық, билікті «Ислам мемлекеті» радикалды тобымен келіссөз жүргізе алмағаны үшін айыптап, ереуілге шықты. Еске салсақ, «Ислам мемлекеті» радикалды тобының лаңкестері тұтқынға алған ұшқыш Моаза Аль-Кассабеханы қинап өлтірді.

Наразы жұрт биліктің тұтқынды босатуға қауқарсыз болғанына өкпелі. Олар қазір үкіметтік ғимараттардың алдында жиналып жатыр. Айта өтейік, таяуда интернет желілерінде жантүршігерлік видео пайда болды.

Онда ИЛИМ содырлары тұтқынды темір торға қамап, тірідей өртеген. Бұған дейін, Иордания билігі «Ислам мемлекеті» радикалды тобы өкілдерімен келіссөздер жүргізген еді. Содырлар тұтқынды Иорданияда өлім жазасына кесілген террорист қызға айырбастауды сұраған.

Алайда, иорданиялық бұқаралық ақпарат құралдары ұшқыш қаңтар айының басында өлтірілген деген ақпарат тартқан-ды. Сондықтан, бұл әркеттер бәрібір сәтсіз аяқталар еді деген де пікілер бар. Ізінше Иордания қолға түскен лаңкес әйелдің көзін құртты.

Еске салсақ, иордандық ұшқыш Моаза Аль-Кассабеханың ұшағы 2014 жылдың желтоқсанында Сирия аумағында құлаған болатын. Осы кезде содырлар ұшқышты тұтқынға алды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА