Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Бавария» командасы тағы да ұпай жоғалтты

AstanaTV
04.02.2015ж. 13:00
1192
«Бавария» командасы тағы да ұпай жоғалтты

«Бавария» командасы тағы да ұпай жоғалтты. Бұған дейін «Вольфсбург» клубына ірі есеппен ұтылған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері бұл жолы «Шальке» футболшыларымен ұпай бөлісті. Бундеслиганың бірінші айналымында қарсылас шақ келтірмей, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «Бавария» командасы жаңа жылда екі мәрте сүрінді.

Алдымен «Вольфсьург» клубына ұтылған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері, кезекті турда «Шальке» командасымен тең ойнады. Кездесу басында алаң иелері қорғаушысы Жером Боатенг дөрекі ойны үшін алаңнын қуылды.

11 метрлікті орындаған Шальке ойыншысы Боатенг қақпашы Мануэль Нойерден айласын асыра алмады. Алаңда 10 футболшымен қалғанына қарамастан «Бавария» командасы үзілістен кейін есеп ашты. Голдың авторы Арьен Роббен.

Бірақ, алаң иелерінің қуанышы көпке созылмады. Араға бес минут салып, қорғаушы Хеведес мергендігімен танылып, командасы жеңілістен аман алып қалды. Турнир кестесінде «Бавария» командасын өкшелеп келе жатқан «Фольфсбург» командасы да ұпай жоғалтты.

Бұл турда «Айнтрахт» клубына қонаққа барған Дитер Хеккингтің тәлімгерлері 1-1 есебімен тең түсті. Алаң иелерінің сапында Айгнер есеп ашса, қонақтар сапында мергендігімен танылған де Брюйне командаластарының қошеметіне бөленді.

Самат ҚАНАҒАТОВ