$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Астана» арнасында жаңа телесериал көрсетіледі

AstanaTV
04.02.2015ж. 13:00
3069
«Астана» арнасында жаңа телесериал көрсетіледі

«Астана» арнасында жаңа телесериал көрсетіледі. Қазақстандық көрерменнің түрік сериалдарына қызығушылығы бөлек. Зерттеулер көрсеткендей, телехикаяларды тек әйелдер емес, бүкіл отбасы мүшелері көреді және кейіпкерлердің тағдыры үшін алаңдайды.

Бүгін «Астана» телеарнасында «Фериха» атты жаңа түрік сериалы көрерменге жол тартады. Хикая сюжеті ауылдан қалаға көшіп келген қарапайым отбасының өміріне өрілген. Бұл- Түркияда соңғы жылдары ең жоғары рейтингке ие болған телесериал.

Тұрмысы төмен отбасы балаларын білімнен де, мейірімнен де кенде қылмай тәрбиелейді. Алайда, біз көрген ауыр тұрмысты ұл-қызымыз көрмесін деп қалаға қоныс аударады. Бір ауқатты отбасының жертөлесінде тұрып, өздері сол үйдің шарушылығымен айналысып жүреді.

Қалаға келген соң Фериха өз күшімен оқуға түседі. Одан соң өз махаббатын кезіктіреді. Алайда, адамның қалтасына қарап санасатын қала өмірі - қызды «байдың қызымын» деп өтірік айтуға мәжбүрлейді.

Қазір «Астана»  телеарнасында телехикаяның дубляж жұмысы жүріп жатыр. Актерлар мен режиссерлер бұл жолғы сериалдың қызығын айтып тауса алмайды, тіпті, әр кейіпкердің тағдырына өзіміз де алаңдаулымыз дейді.

10 сериясы жазылып болды. Қызық телехикая болса, актерлар да қызыға жұмыс істейді. Қазір қызу жұмыс үстіндеміз. Сюжетінің өзі қызық өрілген. Қоғамдағы әр түрлі деңгейдегі адамдардың өмірі көрсетіледі. Ішінде әсіресе махаббат бар. Ол қалай бітер екен, ол жағын әлі өзіміз де білмейміз.

Айта кетейік, сериалда түріктің ең танымал актерлары ойнайды. Басты рөлдерден көрерменге «Хюррем Султан» ретінде танылған Вахиде Гердюмді және көптеген телехикалар арқылы қазақ көрерменіне жақсы таныс Хазал Каяны көре аласыз.

Ақмарал Абдрахманова, Дубляж актеры:

Түрік сериалдарымен жұмыс істеу қашан да қызық. Себебі, олар адамның жан дүниесін, өмірдің шындығын көрсетеді. Дыбыстау жұмысы да оңай емес. Әр актердің сөздерін оқу арқылы экрандағы актердің мінезін ашып, және ол жасаған картинаны құртып алмау керек.

Бай мен кедей өмірі, аңғал қыздың арманы мен мақсаты, құрбыларының сатқындығы, қуанышы мен қайғысы туралы сериалды көрем десеңіз бүгіннен бастап, дүйсенбі-жұма аралығында түнгі сағат 22:00-де Астана арнасын қосыңыз. Телехикая келесі күні 17:30-да қайталанады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА