Шенеуніктермен тілдесу үшін облыс орталығына
жол жүрудің қажеті жоқ. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе филиалы қоғамдық
қабылдауларды ғаламтор арқылы жүзеге асыруда.
«Қазпошта» компаниясымен бірлесе
жүзеге асырылатын жоба барысында алыстағы ауыл-аймақ тұрғындарының мәселелері
тыңдалды.
Тұрғындарға поштаның кез-келген бөлімшесінде
тіркеліп, онлайн режимде сұрақ қоюға мүмкіндік туды. Бүгін алғашқы байланыс
орнатылып, облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Кеңқияқ ауылы
тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар Тамды, Қарабұтақ ауылдарынан да
алғашқы ғаламтор байланысына шыққандар болды. Нұротандықтар бұл бастама
болашақта сәтті жалғасын табады деген сенімде.
Қабай Сәрсенғалиев, Ақтөбе облыстық жер
қатынастары басқармасының басшысы:
Аудандардан, алыстағы, шалғайдағы ауылдардан
келіп сұрақ қоюға бірталай уақыты кетеді. Жолға шығыны кетеді. Келген кезде
мемлекеттік орган адамдарымен кездесе алады ма кездесе алмайды ма. Ол да бар.
Бұл сұрақтар. Бірақ мына ғаламтор арқылы, жаңа айтып жатырмыз ғой міне
«Қазпошта» бөлімшелері арқылы еліміз бойынша өзінің ауылынан осы сұрақтарды
қоюына болады.
Мансұр ЕСХОЖИН