$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Қазақстанда инвестициялық соттар құрылады

AstanaTV
06.02.2015ж. 13:00
1222
Қазақстанда инвестициялық соттар құрылады

Инвесторларға қатысты дауларды тез әрі әділ шешу мақсатында Қазақстанда арнайы инвестициялық соттар құрылады. Бұл туралы Бүгін Астанада «Әділ сот жүйесі және орнықты заңнама - тартымды инвестициялық климаттың кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мәлім болды.

Рахымбек Мамырбаев, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

Ол сот Астанада арнайы мамандандырылған болып құрылады. Оған түскен шағымдар жоғарғы соттың арнайы алқасында қаралып, түпнұсқасы сонымен бітеді. Сонымен қатар, өте елеулі инвесторлардың даулары негізі бірінші сатыдағы сотпен жоғары соттың өзінде қаралады.

Инвестициялық соттар құру мәселесі қарастырылған Азаматтық істер кодексінің жобасы -қазір Мәжілісте талқыланып жатыр. Бұл-инвесторлардың мүддесін қорғауға жасалған қадам. Жаңа кодекс бойынша, инвесторларға қатысты жергілікті деңгейде қаралған даулы істер, қанағаттандырылмаған жағдайда тікелей Жоғарғы сотта қаралады.

Бүгінгі жиында мемлекеттік органдар мен инвесторлардың пікірі тыңдалды. Шетелдік сарапшылар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, қазір Жоғарғы сотта Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасы әзірленіп жатыр.

Қазір Жоғарғы сотта жаңа Әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы әзірленуде. Бұл кодекс-құқықтық дауларды жариялы түрде шешудің жаңа тетігі болады. Яғни, оппоненттермен қарым -қатынаста- мемлекеттік органдардың қысым жасау әрекеттерінің жолын кеседі.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА