Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Грекияда наразылық шаралары жалғасуда

AstanaTV
06.02.2015ж. 13:00
956
Грекияда наразылық шаралары жалғасуда

Грекияда наразылық шаралары тыйылар емес. Бірақ бұл жолы, мыңдаған ереуілші Үкіметті қолдап қала көшелеріне шықты. Айта өтейік, елде билік басындағылардың құрамы жаңартылды.

Жаңа кабинет Еуропалық Одақ позициясына қарсы. Премьер-министр Алексис Ципрас пен Қаржы министрі Яннис Варуфакис Еуропа Орталық Банкімен келіссөздер жүргізуге әрекеттенуде. Мақсаттары елдегі үнем саясатын тоқтату үшін банкпен арада қайта құрылымдау саясатын орнату.

Алайда қарсы тараптың иланар түрі жоқ. Айта өтейік, Грекиядағы экономикалық жағдай, Еуропа орталық банкі несие алуға кепіл ретінде қойылатын облигацияларды қабылдамай қойғаннан соң күрт нашарлады.

Шеруге шыққан тарап бұған Германия канцлерін кінәлап отыр. Айтуларынша, Ангела Меркельдің қабағына қарап отырған банк келіссөздерден әдейі бас тартып отыр.

Билік бірінші рет нақты шешім қабылдады. Бірақ шешімдері жүзеге аса қоймас. Жұрттың шыдамды таусылды. Оңтүстік Еуропа тұрғындары бұл бассыздықтан оңай құтылмас. Бар гәп Германиядан шығып отыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА