Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанай облысының тұрғыны электр қуатына аз ақша төлеудің амалын тапты

AstanaTV
06.02.2015ж. 13:00
977
Қостанай облысының тұрғыны электр қуатына аз ақша төлеудің амалын тапты

Қостанай облысында тұратын Виктор Силкин электр қуатына аз ақша төлеудің амалын тапты. Ол қолдан жел қондырғысын құрастырып шығарды. Сөйтіп, қуатты екі есе үнемдеуге жол ашты.

Желдің күшімен жұмыс істейтін қондырғы кем дегенде сағатына 1 киловатт электр жарығын беруге қауқарлы. Яғни, үйдегі тұрмыстық техниканың түгелін тоққа қосуға болады деген сөз. Қарапайым құрылысшы құрастырған қондырғыға сұраныс көп.

«Әсіресе шалғайдағы фермерлер қатты қызығушылық танытып отыр»,- дейді өнертапқыш. Виктор Силкиннің құрылғысы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жариялаған байқауда үздік жоба ретінде танылып, 2 миллион теңге көлемінде грантты жеңіп алды.

Енді қондырғыны жаппай өндіруді жоспарлап отыр.

Виктор Силкин, өнертапқыш:

Егер жел күшейсе, бұл қондырғы сағатына 3 киловатт электр қуатын береді. Мәселен, бір айда бір отбасына 300-400 киловатт керек болса, осы қондырғы сол қажеттілікті өтей алады. Мен өткен жылдан бері қолдана бастадым. Содан бері электр жарығын екі есе үнемдеп, айына небәрі 140-160 киловаттқа ақша төлеп отырмыз.

Заңғар САНАЙ