Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Дубай» турын аяқтаған «Астана» велокомандасы енді Қатарда басталған жарысқа аттанды

AstanaTV
09.02.2015ж. 13:00
936
«Дубай» турын аяқтаған «Астана» велокомандасы енді Қатарда басталған жарысқа аттанды

«Астана Арландары» командасы биылғы маусымдағы 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті сынында АҚШ-тың «Нокаутс» клубын қабылдаған қазақстандық ұжым 5-0 есебімен үздік шықты.



Төрт кезеңге созылған «Дубай» туры мәресіне жетті. Әлемнің үздік командалары қатысқан жарыста бақ сынаған «Астана» велокомандасы бірқалыпты өнер көрсетті. Төрт кезең қортындысы бойынша қазақстандық команданың спортшылары Алексей Луценко, Ларс Бом және Винченцо Нибали жалпы есепте алғашқы отыз мықтының қатарынан көрінді.

«Дубай» туры негізінен жазық жолда өткендіктен, спринтрлік командалар бірінші рольге шықты. Бұл сында Ұлыбритания спортшысы Марк Кэвендиш өзіне берілген мүмкіндікті толығымен пайдаланып, «Дубай» турының жеңімпазы атанды.

Екінші орынды Германия спортшысы Джон Дегенкольб иеленсе, үшінші сатыны «Мовистар» клубының өкілі Хуан Хосе Лобато еншіледі. Енді командалар Қатар елінде басталған жарысқа аттанды.

Бірінші кезеңнен кейін «Астана» командасының спортшылары Андреа Гуардини мен Руслан Тлеубаев алғашқы он мықтының қатарынан орын алды. Соңғы екі турда ұпай жоғалтқан «Бавария» командасы 20-шы турда жанкүйелерін қуантты.

Бұл сында «Штутгарт» клубына қонаққа барған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері үш ұпайды олжалады. Бұл ойындағы алғашқы голды Арьен Роббен соқты. Бұл голдан кейін шабыттанған қонақтар үзілістен кейін есепті еселеді. Бұл жолы айып соққысын шебер орындаған Алаба командаластарының қошеметіне бөленді.

Бұл жетістігінен кейін «Бавария» командасы турнир кестесіндегі басымдығын нығайтты.

Самат ҚАНАҒАТОВ