17
ақпанға дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының шахтерлері мен
металлургтары толық жалақыларын қолдарына алады. Бүгін Қарағандыда өндіріс алыбы мен Қарағанды
облысының басшылығы және кәсіподақ федерациясы осындай келісімге келді. Бір
апталық келісімдерден соң тараптар
әріптестік туралы меморандумға қол қоюға уағдаласты. Меморандумға жұмыс орнын қысқартпау, жалақыны тұрақты төлеу
және «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысшыларының әлеуметтік
төлемдерін сақтау тармақтары енді.
Еске
салайық, 2 ақпанда компания басшылығы қаражат тапшылығын, әлемдік дағдарыс пен
металл саудасының азаюын сылтауратып, аталған келісімге қол қоюдан бас тартқан
болатын. Қызметкерлерге жалақыны бөліп
төлеуге уәде берді. Алдымен 75, сосын 25
пайызы.
Аталған шешімді Қазақстан
Үкіметі сынға алды. Арнайы комиссия құрылды. Нәтижесінде келісу енді мүмкін болып
отыр. «Арселор Миттал Теміртау» мемлекеттен теміржолмен жүк тасымалдау және электр энергиясы тарифтері және тағы
бірнеше жеңілдік алады.
Нұрмұхамбет
Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Жан-жақты
келісімдер жүргізілді. Компания мүмкіндік тапты. 17 ақпанға дейін жалақы
толықтай төленеді деген келісімге келдік.
Дмитрий
Павлов, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ мамандар жөніндегі директоры:
Ақша
түседі. Бізде сауда жүріп жатыр. Бірақ, өкінішке орай, аздап. Алғашында
жалақының жартысын төлейтін ғана қаржымыз болды. Кейін жақсы жүрді. Алдымыз көктем. Құрылыс жұмыстары қарқын
алады. Жағдай ушықпайды деп үміттенеміз.
Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ