$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қызылорда облысында жеті бірдей кәсіпорын жұмыскерлер жалақысын төлемеген

AstanaTV
09.02.2015ж. 20:00
816
Қызылорда облысында жеті бірдей кәсіпорын жұмыскерлер жалақысын төлемеген

Қызылорда облысында жеті бірдей кәсіпорын 2-3 айдан бері қызметкерлерінің жалақысын төлемей келген. 1327 адамға еңбекақы берешегі 162 миллион теңгеден асқан. Мұндай мәліметті еңбек саласындағы бақылау басқармасы жариялады.

Жалақыны уақытылы төлемегендер - негізінен құрылыс компаниялары. Ең сорақысы, «МИГ» серіктестігі 113 қызметкеріне қарыз болса да, өзі банкрот болып танылған. Тиісті мекеме мамандары кәсіпорынның берешегін қайтару жұмыстарымен айналысуда. Өңір басшысы барлық жеті мекемеге қарыздарын өтеуге бір апта уақыт берді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, 15 ақпанға дейін қарыздан толық құтылмаған мекемелердің басшылары жауапқа тартылады. Қатаң ескертудің алғашқы нәтижесі де бар.

Өтеп Хасанов, Қызылорда облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда ең ірі кәсіпорын бізде - «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. 700 қызметкерге 55 миллионын беріп, түске дейін құтылды. Бізге жаңа дәлелді құжаттарын береді.

Шарипа САҚТАПОВА 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах