$488.26 €530.54 ₽5.03
×

Қазақстанның қорғаныс саласы бейбіт күнде белді офицерден айырылды

AstanaTV
10.02.2015ж. 20:00
1370
Қазақстанның қорғаныс саласы бейбіт күнде белді офицерден айырылды

Астанадағы Достық көшесі бойында Қорғаныс министрлігі ғимаратының дәл жанында «Шевролет» көлігі жарылды. Салдарынан көлік ішінде болған Қорғаныс министрлігінің подполковнигі Арман Сыздықов оқиға орнында көз жұмды. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылды. Ізкесерлер "бұл теракт болуы мүмкін" деген болжамды бірден жоққа шығарды. Хабарды ести сала оқиға орнына жеткен біздің түсірілім тобынан министрліктің баспасөз қызметі мамандары сыпайы түрде тарқауды өтінді. 

Просто ана жақта возмущаться етіп жатыр да, государственный объект. Енді СМИ болғандықтан, біз өзіміз де журналистпіз ғой, шығып тұрмыз.

Әлеуметтік желілерге салынған суреттерден байқалғандай, жарылған көліктің қаңқасы бүтін, тек терезелері жан жаққа шашылғанын көруге болады. Оқиға болған маңда кетіп бара жатқан азамат, жарылыс дыбысын естігенімен, аса мән бермегенін айтады.

Машина жақтан бір түрлі дыбыс шықты, анау айтқандай емес. Кетіп бара жатыр едім анау жаққа қарай...

Ресми хабарламада оқиға орнынан хат табылғаны жазылған еді. Кешкісін ғаламтор беттерінде Арман Сыздықов жазған соңғы хат болуы мүмкін делінген құжат жарияланды. Жазбада ол "бұдан былай қорлыққа шыдай алмаймын" деп жақындарынан кешірім сұраған сыңайлы. Ал Қорғаныс министрлігі ғимаратымен қатар орналасқан құрылыс алаңының күзетшісі, жарылыс болған қақпа алдына әдетте көлік қойылмайтын, деп отыр.

Нет, здесь никто не стоит. Вот здесь немножко ставят, вон Министерство обороны, у них своя стоянка. А здесь нет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ