Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Герольд Бельгер көзі тірісінде өзін Асқар Сүлейменовтің жанына жерлеуді өсиет еткен

AstanaTV
10.02.2015ж. 13:00
1544
Герольд Бельгер көзі тірісінде өзін Асқар Сүлейменовтің жанына жерлеуді өсиет еткен

Бүгін Алматыда жазушы, әрі аудармашы, «Парасат» орденінің иегері Герольд Бельгерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Шығармашыл қауым арасында «жүрегі неміс болғанымен, рухы қазақ» деген баға алған тұлғамен қоштасуға халық көп жиналды. 

Қаралы жиында Елбасының көңіл айту жеделхатын Мәдениет және спорт министрі оқып берді. Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келеді. Сталиндік жер аудару науқаны кезінде отбасымен Солтүстік Қазақстанға көшіп келген. 

Қазақ, орыс және неміс тілдерін жетік меңгеріп, бүкіл шығармашылығын осы үш тілде дамытты. Қазақ классиктерін өзге тілдерге аударумен айналысты. Марқұм көзі тірісінде үзеңгілестеріне деген аманатында, өзін Кеңсайдағы жазушы Асқар Сүлейменовтің қасына жерлеуді өсиет еткен екен. 

Ұйымдастырушылар қазақтың Гер-ағасының бұл өтініші орындалатынын айтты. 

Мұрат Әуезов, Қоғам және мәдениет қайраткері: 

Гер-аға мен үшін мәңгі солай сақталады. Герекең маған аға дос болды. Оның Қазақстанның тағдырында, өмірінде орны бөлек. Бұл біздің қасиетті ұғымдар, ар-намыс, тазалық, болмаса, тәуелсіздіктің шынайы құны қандай және оған берер міндетіміз қандай деген ойларды ылғи ортаға салатын. Бізді ұлт ретінде мойындап, олардың ұйысуына ұйытқы бола білді. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ


 

Алдыңғы жаңалық