«Жолдама үшін жан пида».
Шымкентте шипажайға тегін жолдама ала алмаған азамат «секіріп өлемін» деп,
мұнара басына шығып елді дүрліктірді.
Я нигде не работаю, у меня легких
нет вообще, завтра умру или послезавтра, я не знаю.
Туберкулезге қарсы диспансердің
ауласындағы су жинайтын мұнараға шыққан ол, өзін «аурухана күзетшілері ұрып,
сырт киімін жыртқанын» айтады. 15 метр биіктіктен секіремін деп шу шығарған
азамат «бас дәрігер мен әкімнің орынбасары келмей, түспеймін» деп әлек салды.
Бұрын өзі емделген осы мекемеден жолдама сұрай келген. Тек оның мүмкін емесін
білгесін, осындай қадамға барады. 35
жастағы азаматтың отбасылы екені, денсаулығына байланысты жұмыс істемейтіні
анықталды.
Шұғыл шақырту тобы бір жарым сағат бойы оны райынан қайтаруға
тырысты. Оны сабырға шақырған бас дәрігердің сөзінше, Жамбыл облысының тумасы
бұған дейін де бір рет жолдама алған. Тек тәртібіне байланысты кері қайтарылған
көрінеді.
Аида Дүмшебаева, ҚР ІІМ Төтенше
жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ОҚОФ психологы:
Ол кісімен, төбеде болғандықтан, башняның қасына жақын барып сөйлесе алмадық. Себебі ол кісі, жақындасақ,
«секіремін» деп бізді қорқытқаны үшін. Және онымен телефон арқылы сөйлестік.
Барлық мән-жайды түсіндіріп, онымен сөйлесіп, келісімге келіп, оның түсуіне
көндірдік.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ