$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Маңғыстау облысындағы мұнай сервистік компанияларының бірі меморандумда келісілген талаптарды орындамай отыр

AstanaTV
10.02.2015ж. 20:00
1528
Маңғыстау облысындағы мұнай сервистік компанияларының бірі меморандумда келісілген талаптарды орындамай отыр

Маңғыстау облысындағы мұнай сервистік компанияларының бірі меморандумда келісілген талаптарды орындамай отыр. Қаңтардың ортасында аталмыш компания жергілікті әкімдікпен жұмыс орындарын қысқартпаймыз деп уағдаласқан. Дегенмен, тілшілерге сұхбат берген мұнайшылар, «Оңтүстік-шығыс сервистік тобының» 35 жұмыскері қысқарту туралы хабарландыру алғанын айтты.

Компания басшылығы мұны мұнай нарығындағы қиындықтармен түсіндіріп отыр. Айтуларынша, жағдай оңалғанда, қысқартуға ұшырағандар қайта жұмысқа кірісетін болады. «Бүгінде негізгі кәсіби капиталды сақтап қалу басты назарда», - дейді комапания өкілдері.

Андрей Тищенко, «Оңтүстік-шығыс сервистік тобы» ЖШС директоры:

Қараша айынан бастап жұмыс тұралап қалды. 2 бригадаға ай сайын 50 пайыз жалақы төлеп отырдық. Бірақ жағдайымыз оңалмай қойды. Сондықтан қысқартуға тура келіп отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА